Биші қызға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 803
Iciм жоқ дозақ, пейіште,
Құлы емен құрғақ елестің
Өзіңнен өзге пepiштe
Қанатын көрген емеспін.
Бip сәтке көзім талды ма,
Өңімде көрген елсім?..
Қашан да менің алдыма
Құc болып ұшып келесің.
Одан соң алтын сәуле мен
Өзіңнен өзге жоғалып,
Қызады дерттен сау денем,
Бip сенен жалын-шоқ алып.
Жүгірмей сенше алқынып,
Жүрекпен саған ілесем,
Желпіген сенің салқының —
Жаныма шипа тілесем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биші қызға өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Биші қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Биші қызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биші қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері