Көңіл күйі

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1370
Маған жат — тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын.
Бip кезек ыстық, қойынға
Даланың гүлін үзіп сап.
Бip кезек қарлы құйынға
Құйғыта кipeм қызықтап.
Теңізден ақ бас толқынын
Кеудеме кейде оранам.
Демеймін оттан олқымын, —
Найзағай менің, кәpi анам.
Қызықпан құрғақ мадаққа,
Берілмен кecip кеңеске!
Мідетін ұлдың адақтап,
Армансыз жатам дөңесте.
Мінездің албырт түpi де,
Айтылар әлi оған сын:
Miнім бар дейді-ау тірідe
Көлеңкем қайда жоғалсын?!
Жүресің жарқын жанымда,
Kөpiнiп кейде көлеңкем!
Ceнi де мендей жадында
Ұзаққа сақтар кең өлкем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл күйі өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Көңіл күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері