Өзім туралы – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Өзім туралы» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 3362
Маған жат – тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным,
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын,

Бір кезек ыстық қойынға,
Даланың гүлін үзіп сап,
Бір кезек қарлы құйынға
Құйғыта кірем қызықтап.

Теңіздің ақ бас толқынын
Кеудеме кейде оранам.
Демеймін оттан олқымым, —
Найзағай менің кәрі анам!

Мінездің албырт түрі де!
Айталыр оған әлі сын!
Мінім бар дейді-ау, тіріде
Көлеңкем қайда жоғалсын?!

Жүресің жарқын жанымда,
Көрініп кейде көлеңкем!
Сені де мендей жадында
Ұзаққа сақтар кең өлкем!

Қызықпан құрғақ мадаққа,
Берілмен кесір кеңеске!
Борышын ұлдың адақтап,
Армансыз жатам дөңесте!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім туралы өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Өзім туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері