Туған күн – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Туған күн» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1504
Бүгін сенің туған күнің, шаттығым!
Шалдым саған қоңырау...
Арғы жақтан жауап берді,
Қатқыл үн!
Жалғандағы бәрін тілеп тәттінің,
Жолын тілеп, алды ашық аттының,
Қоя салдым тұтқаны.
Ешкім, сірә бұл күйімді ұқпады.
Жанарымның
жылт-жылт етті шықтары.
Саусақтарым мөлдір шықты аяусыз,
Жамалымда сықты, әні!
Көпті көрген, аңғал, абыз қартыңдай,
Ту сыртыңнан тілек айттым, тартынбай.
Топырлаған туыстан,
тілегімді тыңдауға,
Жатқан шығар уақытың артылмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күн өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері