Бұл бетте «Аспандағы қоштасу» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк аспанның көкірегі гүр етті,
Аяп кеттім аспандағы жүректі.
Күркіреген күннің дауысын бір естіп,
Жердің бетін жасын қарыды,
Дір етті!
Көшеде едім,
Ал көшеден әр қашты!
Сан мың тамшы тас-тағдырмен арбасты!
Сені қайдам, су астында қалдым мен
Кезге өкпелеп кезіктірген алғашқы.
Тас көшеде тек тамшыға тұрақ бар,
Көмейіме көміледі сұрақтар.
Біз секілді аспан жақта, әнекей,
Қоштасады бұлттар – ұлы мұраттар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі