Сағыныш – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Сағыныш» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1763
Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.
Рас, сенің тұрмайтынын
Тықыршытпай көңілді,
Алдыма әкеп толғайтының
Үйдегі алыс өмipдi.
Көп әңгіме айтқызасың,
Көз тіктіріп жалынға,
Бүлкілдеткен ақ сорпасын
Котелоктың жанында.
Аптасына бip-aқ көрген
Тылына кеп қосынның,
Ұйқысын да бөлесің сен
Кeйбip уақыт досымның.
Түсімде неше алуан
Тамашаны көрсетіп,
Оянғанда тізіп арман,
Атыласың гүрс етіп.
Көңіл күйім — сағынышым,
Сөйтсе дағы қымбатсың,
Кейде үйдегі сәбиімсің,
Кейде өлген комбатсың.
Жортпас еді-ау жігіт мұндай,
Қанды қиын белді аса,
Отаны мен ошағындай
Сағынары болмаса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері