Эмблема

Бұл бетте «Эмблема» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Көргенімді баян қылам,
Келмейді оны сырлағым да.
Талып жатыр ұзын жылан
Тау-бүркіттің тырнағында.
Беш-тау бардым,
Машук бардым.
Малтып жүздік көк көлдерге;
Құз-жартасын ғашықтардың
Құшақтадым көппен бipгe.
Тамам жерде тарлан бүркіт
Әбжыланды қылғындырған.
Көрдім сипап, көзін cүpтiп...
Қандай шебер қол қондырған
Жанарында бip жалын бар
Өмip бойы өшпейтұғын;
Сұлап жатқан сұр залымға
Kiнәci жоқ кеш дейтұғын.
Ол үстінде жартастардың;
Күнде бардым танып соған.
Кеселі екен науқастардың
Әлгі жылан талықсыған.
Шипа суы Эльбрустың
Баланыпты батыр құсқа.
Адам үшін ол күрестің
Таңын көзден атырғыш та.
Kүндi көзден жөнелтеді
Жалқын тауда жалғыз қалып.
Солай қарай жол ертеді, —
Жақын барам, жан қозғалып...
Оған тағдыр ғашық eттi;
Жеткізуге мың сөз керек.
Жатыр онда қacipeттi
Қатты жаншып мұңсыз жүрек.
Білер ме едің, күз басында
Жаным неге қозғалады. —
Мұзбалақтың өз қасында
Мұңсыз жаннан iз қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эмблема өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Эмблема өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эмблема өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эмблема өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері