Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2800
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Сенде алғаш әнге басып таң құсы.
Сенде алғаш отты еріндер өбісіп,
Сенде алғаш жалын атқан жан күші.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Жас арудай балқып нұрың шалқышы.
Жадыраған жанарыңмен жарқ етсін
Аңсап күткен аруымның таң түсі.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Көк төсінде қою бұлт боп қалқышы.
Сағыныштан тамған жастай мөлт етсін
Жауып өткен жаңбырыңның тамшысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері