Мен қалай мысалшы болдым? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен қалай мысалшы болдым?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1117
Менің мысалшылығым
Он жасымнан басталған.
Қошеметтік қылығын
Көп көргенмін достардан.
Өйткені, мен бәрінен
Нәзік өстім әлі кем.
Осы болса несібе,
Өкпелейін несіне?
Көрінгенге ұрынып,
Жүретұғын жұлынып,
Балаларды құнығып,
Мысқылдадым өшіге...
Кезімде де ұлғайған
Тоқтаған жоқ бұл майдан:
Жалақор мен жағымпаз,
Парақор мен алымпаз,
Қасқыр сынды қорқаулар,
Жалқаулар мен аңқаулар –
Дауым болды бітпеген,
Жауым болды діттеген.
Жаза бердім сықақтап,
Осал тұстан діттеген.
Өткір тілді безедім,
Садағымды кезедім.
Жауларымның жанкешті
Екендігін сеземін.
Әрқайсысы бір тілдеп,
Қорқытады зіркілдеп.
Сөйткенімен, сұмдарды
Жеңіп келем біртіндеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қалай мысалшы болдым? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен қалай мысалшы болдым? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қалай мысалшы болдым? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қалай мысалшы болдым? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері