Мына заман

Бұл бетте «Мына заман» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1411
Мына заман – тамыр мен таныстікі,
Ауыс-түйіс, беріс пен алыстыкі.
Ер еңбегі еш болмас дегендері –
Тек әшейін сөз екен қалыстікі.
Мына заман – ағайын, туғандікі,
Жамағат пен жекжаттық қуғандікі.
Тура биде туған жоқ дегендері –
Тек әшейін сөз екен қулардікі.
Мына заман – ұры мен қарынікі,
Арқа сүйер адамы барынікі.
Тура жолдан таймайық дегендері –
Тек әшейін сөз екен бәрінікі.
Мына заман – арынан безгендікі,
Арамдық пен сұмдықты езгендікі.
Түбі жақсы болады дегендері –
Тек әшейін сөз екен ездердікі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына заман өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мына заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері