Қалай ғана сен мені бақытты еттің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қалай ғана сен мені бақытты еттің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Қалай ғана сен мені бақытты еттің,
Бақытымнан айныдым, татып көп күн.
Жанып тұрған көгімнен бір жұлдыз ең,
Бір жұлдыз ең, көп тұрмай батып кеттің...
Қалай ғана мен сені сүйіп қалдым,
(Ерімейтін қары ма ең биік таудың?)
Өз алдыңда айналып ойсыз жанға,
Ал оңаша мұңайдым, тұйықталдым...
Тұйықталдым, бұл күнім азап екен,
Қайтсем сенің алдыңда таза өтем.
Оңашада жазалап өзімді-өзім,
Түстен кейін «Бұл не?» – деп мазақ етем.
Қалай ғана күн кешем армандамай,
Сүймей жүрсем, атады таңдар қалай?
Балапандай талпынған «байғұс» жүрек,
Бетің қайтып, тағы да алданбағай...
Қайда, тағы қайда ұштың, қыран шабыт,
Екпініңмен өтпей бір сүрен салып.
Ойда жоқта сол адам асау аттай
Көңіліме қойғандай жүген салып...
Бақытты еттің, келмейді бақыт тепкім,
Көрінгенге келмейді сатып кеткім.
Ауыстырып «жұртыңды», жұлдызым-ау,
Көңіліме көгіңнен батып кеттің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай ғана сен мені бақытты еттің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қалай ғана сен мені бақытты еттің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалай ғана сен мені бақытты еттің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қалай ғана сен мені бақытты еттің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері