Жеткенше өріне осы отыз бестің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жеткенше өріне осы отыз бестің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Жеткенше өріне осы отыз бестің,
Алмасқан ыстық-суық не күн кештім.
Арманның жалғыз аяқ жолдарымен
Жолықсам саған, досым, өкінбеспін.
Деп жүрсем сарқылдым-ау, тартылдым-ау,
Түсіріп ақ көңілге әркім қылау,
Жүр-жүрлеп көзімді ашып дүниеге
Секілді қайта әкелген мартым мынау.
Келдің бе көктем болып, туған айым,
Тағы бір нәрестең боп іңгалайын.
Тіл бітіп енді қалай жырламаймын,
Ей, күнім, бұр бетіңді, бір қарайын.
Отыз бес, келдің мені армандатып,
Жанымды жұбата алмай жалған бақыт.
Көктемім, өтінемін сен мен үшін
Жүйкесін босат жердің қалған қатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеткенше өріне осы отыз бестің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жеткенше өріне осы отыз бестің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеткенше өріне осы отыз бестің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеткенше өріне осы отыз бестің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері