Өмірге жылап келмей, күліп келдім –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Өмірге жылап келмей, күліп келдім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Өмірге жылап келмей, күліп келдім,
Сәуледей бетіндегі тұнық көлдің.
Басынан адамдардың бақыты асса,
Бақытты болармын деп үміттендім...
Осы оймен жылынатын бүкіл денем,
Құс жүрек көкірегімде лүпілдеген.
Қайырымсыз құмға сіңген ақ жаңбырдай,
Өмірім өте берді күтуменен.
Қарсы алдым, келген көктем, келген қысты,
Алғандай аспаннан ой, жерден күшті.
Сарғайып, сағынышты санаменен,
Жанымның жапырағы желмен ұшты...
Сабырдың осы болар сарқылғаны,
Ызадан жан-жасыны жарқылдады.
Көптен бір мен дәметкен бақыт кілті,
Әркімнің өз басынан артылмады.
Әсем ән, әсем күлкі, жарқын әлем,
Шығады сенсіз іштен салқын өлең.
Көгінде бозторғайдай көз ілермін,
Ашық күн тілеп ана, халқыма мен.
Тұрған соң жақсылыққа бұрып көңіл,
Көңілге келген сырды ірікпедім.
Адамнан шарапатты күтіп жүрсем,
Шарапат менен күтіп жүріпті елім.
Көзіммен тыныштықтың таңын бағып,
Көмермін зұлымдықты дабыл қағып.
Елге бар жарығымды құяр ма едім,
Алдыма ақ арманның шамын жағып!...
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі