Күн өкпелеп барады – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күн өкпелеп барады» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 596
Оралмай жүр тіліме көптен өлең,
Өлеңсіз жер, жаңғырып көктемеген.
Күн де батып барады көкжиекке
Тіршілікке сыңаймен өкпелеген.
Күйге түскен сияқты күнім ғаріп,
Әнсіз, мәнсіз не керек, сұлуланып.
Өкпелемей қайтеді кей кеудеге
Тарата алмай қойған соң жылу, жарық.
Жылуы жоқ, не керек сұлулығым,
Қонды ұяға өкпелеп күнім, бүгін.
Мекендеген адамзат жер бетінің,
Өз бетімен көрген соң зұлымдығын.
Құдіретті күш келмейді неге, тілге,
(Әлсіздер ғой, алдымен өлетін де)
Қарсақ, қасқыр, түлкіні, қыран бүріп,
Ал, арыстан арқарды жем етуде.
Табанға сап шығармай тағдыр үнін,
Тамшы тамбай, сарғайып қалды гүлім.
Көз жасымды көрсетпей ішке жұттым,
Тым кеш біліп, мен өмір заңдылығын.
Батар күннің қарашы, қарағанын,
Жамау еткен жылуын жараға мың.
Әлсіреген тілімнің таңдайына,
Тамызуға тамшы су жарамадым.
Жата алмастай жолаушы атын тұсап,
Ауру ауа, улы су, «атомды» шақ.
Күн өкпелеп барады, жер бетінен,
Жер астына кірген бір ақынға ұқсап.
Арылмайтын жатқандай сор, бағым да,
Өмір бардай ананың толғағында.
Кімдер тісті, азулы кімдер күшті,
Болады екен әділет сол жағында.
Көңілсізге келе ме, көктем, өлең,
Күзгі желмен жапырағын төккен емен.
Күреңітіп барады, күнім батып,
Тірлігіне түрменен өкпелеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн өкпелеп барады өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Күн өкпелеп барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн өкпелеп барады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн өкпелеп барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері