Қияқтар

Бұл бетте «Қияқтар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Сусылдап, сыбырлап, қияқтар,
Жаныма сыр ақтар, күй ақтар.
Әлемнің тылсымын ұғатын
Менде де жүрек бар, құлақ бар.
Желменен майысып, солқылда,
Өзіңмен құшағым толсын да.
Алыстан қарасам, өрілген
Ұқсайсың бір жойқын толқынға.
Көгімді қиялдың жолы ғып,
Қалдым ғой арманға жолығып.
Қойныңды аш, көк шалғын қияқтар,
Кетейін бір ғана шомылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қияқтар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қияқтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қияқтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қияқтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері