Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей,
Кездескенде лағып кетем сөз білмей.
Өмір сүрдің, мені мәңгі ыза ғып,
Жерде жатқан қурай ғұрлы көзге ілмей...
Назарыңды ала алмадым аударып,
Көкірегімде көгілдір бір шам жанып.
Айла-амалсыз, не істерімді білместен,
Оңашада отырамын дағдарып.
Келер күнге жетеміз бе біз аман,
Өз өртіме өзім жанып, қызарам.
Ішкі ойымды білмесін деп әдейі,
Көздеріңе тік қараймын ызадан...
Жүзің – жартас, әсер етпес ерке елең,
Күн сүйеді көкірегіңді ертемен.
Сен шалқайсаң, салқын тартып қабағың,
Қабағыңа иіліп мен өртенем.
Жалынамын жабыққанда ал шабыт,
Көзің көрсін, кайратым бар қаншалық.
Өрттей ыстық жүрегіммен сұп-суық
Жартасқа да ғашық болам, жан салып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері