Қияқтаудағы Мақпал-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қияқтаудағы Мақпал-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1398
Бір келген он екі айда қауысым-ай,
Шықпайды бұрынғыдай дауысым-ай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Мақпал-ау!
Беу, беу, беу, қалқам-ау,
Әдемі-ау, қалқам-ау,
Айнам сал.

Күлейік, ойналық та тіршілікте,
Басымыз қосылған соң, міне, осылай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Мақпал-ау!
Беу, беу, беу, қалқам-ау,
Әдемі-ау, қалқам-ау,
Айнам сал.

Жігіттер күліп-ойнап көңіл аула,
Жер көріп, ел танып өс денің сауда.

Қайырмасы:
Беу, беу, Мақпал-ау!
Беу, беу, беу, қалқам-ау,
Әдемі-ау, қалқам-ау,
Айнам сал.

Кетпейтін жанға ұқсама бұл дүниеден,
Кез келсең, айла болмас, ажал-жауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері