Жұма... Тоналу...
Жұма... Тоналу...
Сынық көңіл, бетін бұрған жыраға,
Тұла бойым тұнып қапты күнәға.
Уайымдап қабірдегі күнімді,
Барғым келді бүгін намаз жұмаға.
Барам деп ем, бұл ниетім анық-ты,
Сайтан әбден тізгініне салыпты.
Ұятын-ай, масқара ғой, масқара,
Дәрет алу естен шығып қалыпты.
Құдайым-ау,
Қарап едім қолыма,
Қарап едім басып өткен жолыма.
"Құраным"-деп, құранымды іздеп ем,
Есімде жоқ ұмытыппын оны да...
Бақытым ше, бағым сірә жанған ба?
Ол қап кеткен жұма бұрын сол БАРРда.
Солай, солай шынымен де барлығы,
Оқырманым таңданба.
Қарап тұрды көңлі маған толмай қыс,
Дейуана бір күйге түстім болмай күш.
А-а, айтпақшы ИМАНЫМ бар еді ғой,
Үш жыл бұрын қайтыс болған ол байғұс.
Күнім қайда,
Иманы бар сәтке бай,
Өзім жыртқан жырға толы дәптер-ай.
Адамдығым болған-тұғын азырақ,
Таусылыпты әттең-ай...
Иа, расы солай, сорым қалың тым,
Зұлымдыққа толғанын-ай жанымның.
Әне, анау көзжасы ғой мен кеше,
Пайдаланып тастап кеткен арудың.
Уланғаны-ай санамның,
Жауыздығын меңгеріппін ғаламның.
Аноооу сөніп бара жатқан шоқжұлдыз,
Үміті ғой анамның.
Жауыздықпен талай нәзік гүлді үздім,
Сезіміме қанықтырдым кімді ізгім.
Мынау солып бара жатқан қызыл гүл,
Маған деген махаббаты бір қыздың...
Мейірімім таусылыпты жүзімде,
Осы күнім көктемім бе, күзім бе?
Айналамның бәрі имансыз, күнәһар,
Мен де бармын тізімде...
Көңілімнің дәрі емес, бұлағы-у,
"Мына жалған тоналу мен сыналу"
Дегендейін, маған қарап жаны ашып,
Құлазыды хиджаб киген бір ару...
P/S
Босағасын аттай бере мешіттің,
Керемет бір азан даусын есіттім.
О, Тәңірім кешіре гөр құлыңды,
Мен намазға кешіктім....
Мұстафа Әуезов 21.12.2018
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі