Ақын ауылында – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ақын ауылында» атты Марфуға Айтқожина жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2019
Абайла, келіп қалдық Алмалыға,
Айналған талай жанның арманына.
Ақбас тау, арынды өзен — арғымақ жал,
Көргеннен көзді жаулап алмады ма?
Сұлулық көрем десең жолға шықшы,
Тау бөктерлей қияға жол қашыпты.
Қастек, Қоңыр, Ұлытас шеру тартып,
Әулие шоқысына жалғасыпты.
Ойнақтап алып келді өлең – дөнен,
Алмалы аты айтылса елеңдегем.
Ән бастап жатқан анау Сұлутөрде,
Ауылыңа бір сәлем, ақын Кенен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері