Өлең, жыр, ақындар

Тарту

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1424
(Рысметов Хабиболлаға арнаймын)

Құлағында жігітше ойнап дөненнің,
Қос ат алып, Қабе-ау, қайда жөнелдің.
Тау тұлғаңмен балаға ұқсап жеткенде,
Ықыласқа шын көңілден кенелдім.
Ұзақ күнді сары жолда ұқтырып,
Ұзақ күнге қойдық па біз күттіріп.
Сонда дағы сыр бермедің қабақтан,
Азаматтар, мұның өзі мықтылық.
Ортаңызға жеткенше әбден асықтық,
Менен аулақ жігерсіздік, жасықтық.
Кең пейілді мінезің ғой, қазағым,
Кімді бол сын қоятұғын ғашық қып.
Мұнда не бір таудай ірі тұлғалар,
Көздерінен мейірім төгіп, нұр жанар.
Уа ағайын, осыншама құрметке,
Көңіл шіркін сусындар да бір қанар.
Жердің мынау жатқан бейне алыптай,
Елің мынау еңбек етер жалықпай.
Қасиетті мекенсің сен қашан да,
Атақ-даңқың қоймас сірә танытпай.
Алматыдан келдім міне араңа,
Талай таулар, көлдер қалып арада.
Алып келген Сізге үлкен тартуым
Осынау өлең, көптей көріп ал, аға. 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күндемеңдер

  • 0
  • 0

Ен далада еркін өстім,
Кең өстім,
Қаққан емес маңдайымнан мені ешкім,
Өз басыма осы бақыт жетеді,

Толық

Қайтқан құстар әні

  • 0
  • 0

Күз аспаны қайта-қайта түнеріп,
Кербез дала кемеліне түр еніп.
Ақ қалпағын шекесіне қондырған,
Алатауым ат үстінен шіреніп.

Толық

Қара ормандар!

  • 0
  • 0

Қара ормандар, қағар тынбай кірпігін,
Мақамына мүлгігендей жыршының.
Қайда барсаң қарсы алатын нан-тұзбен,
Жаны қандай жайсаң еді жұртының.

Толық

Қарап көріңіз