Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің,
Менің үміт жұлдызымды жандырады үрлеп кім?
Өмір бар да, тазалық жоқ қой, жанымның –
Көйлегі болған, тәнімді қанша кірлеттім...
Көрсетпеді қоршап тұман, ой көгін,
Көз алдымнан тізбектеліп, өтті, өтпелі
бейне мың.
Аққу жаным сыңсып ұшып аспанға,
Арманымның көз жасына, жуылды
топырақ көйлегім...
Өртке толды, дертке толды жан-жағым.
Сырты ижылтыр, іші кір-кір бұл алдамшы өмірде,
Өмір сүріп, өзімді-өзім күліп бекер алдадым.
Өкініш емес, өткені сусып күн-айдың,
Жастықты қайтем?
жүрегім жас қой ұнаймын...
Туған ел, мені көтеріп шыңға лақтырсаң,
Шыңға шықпай, алақаныңа қайта құлаймын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері