Қандай сыр шерттің маған түсінбедім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қандай сыр шерттің маған түсінбедім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Қандай сыр шерттің маған түсінбедім,
Таниды сұлулықтың құсын көңіл.
Күй өріп батар күннің шапағымен
Шапақпен бір мүсінді мүсіндедің.
Домбыра бір мен үшін кеудең мынау,
Кеудеңмен жан-жүректі тербедің-ау.
Арман ой қиялыңмен қашап тұрып,
Соғасың үннен мүсін зергерім-ау.
Жұлдыздай жанарымнан жанады үміт,
Саусағың жан-сезімді қағады іліп.
Дәрменсіз тұтқын болып күй кешемін,
Шертсең сен, дала күйін балаң жігіт.
Күй емес, арамызды бөледі уақыт,
Кешікті уақыт күтіп, неге бақыт?
Шапағын шашыратып күнім батса,
Енді-енді сенің таңың келеді атып.
Біткендей бойыма бір басқа шабыт,
Шабытты шамырқандым тасқа шағып.
Шапақты батқан күннің бояуымен
Кеттің-ау жас дәуренді еске салып.
Жүргенде әсемдікке шөлдеуменен,
Бір сурет көргендеймін ел көрмеген.
Өмірді үн-дыбыспен мүсіндеген
Өзіңді ұқсатамын зергерге мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері