Сәби-қар

Бұл бетте «Сәби-қар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Қар жауып тұр, қарашы, қар жауып тұр,
Ақ қанатты аспаннан ар жауып тұр.
Көкпен жердің арасы ақпандағы,
Тазалықпен тұрғандай жалғанып бір.
Жеткізе алмас бір сурет, тіл бейнелеп,
Алдымда аппақ жайылған тұр ғой кенеп.
Кіршігі жоқ ақ қарды арға ұқсаған,
Аяп тұрмын, басуға кірлей ме деп...
Қар жауып тұр, ақ қанат қар жауып тұр,
Қар көрмеген немерем таңданып тұр.
“Қар астында қалған із не болар” деп,
Көңілімде үрейлі бар қауіп бір.
Мекенге осы, ауып тұр мекенінен,
Үлпілдеген сезімнің жетегімен.
Пәктігі ме білмеймін сәби қардың –
Бір ұқсастық көремін екеуінен.
Осы ойлар, басыма келді адасып,
Кірлетеді-ау, тағы да пенде, басып/
Ары екен ғой адамның көкке ғашық,
Қары екен ғой даламның жерге ғашық.
Айналамды алғандай арман орап,
Қалықтайды біткендей арға қанат.
Қардай аппақ немерем «не берер» -деп,
Алақанын жаяды қарға қарап...
Ақ тон киіп, майысқан тұр шыбық, тал,
Жылтылдайды сырғадай, күн шығып, қар.
Жолдарындай жалғасқан жер бетінің,
Аспанда да өмір бар, тіршілік бар...
Реттеуде аспаннан, Дариға, күн,
Жүректегі егізі, ар-иманның.
Көктен жауған, құдай-ау! қалай, қайтсем –
Тазалығын сақтаймын сәби, қардың?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәби-қар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сәби-қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәби-қар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәби-қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері