Достарға наз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Достарға наз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2894
Мақтауды да, даттауды да естідім,
Мұның бәрі ескі шаттық, ескі мұң.
Жаным менің жұлмаланып жатқанда,
Қолдың ұшын берген жоқсың ешбірің.
Бірақ, бірақ, өкпелемен сендерге,
Мойымаспын ғайбат айтқан сөздерге.
Мақтағанға тасып және кетпеспін,
Сабырым бар, айналайын, ел берген.
Бір нәрсені бөліп берер заман ба,
(Заман жақсы, болмаса кей адамдар).
Тарыққанда, зарыққанда досты іздеп,
Жөнің бар ғой жан-жағыңа алаңдар...
Мақтауға да, даттауға да үйреніп,
Келемін мен бір ерекше күйге еніп.
Өзімді-өзім сынап және жұбатам,
Өзіме-өзім жанашыр боп, би болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достарға наз өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Достарға наз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достарға наз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достарға наз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері