Бұл бетте «Сары белдеу сайын далам» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(жетпіс жылғы бодандықтың құрсауы сыпырылғанына жиырма жыл)
Бұғауында бодандықтың
Жетпіс шілде қақтап аспан,
Жетпіс ақпан қалтыратқан
Сары белдеу сайын далам!
Сары белдеу сайын далам,
Бақ пен сорын пайымдаған.
Бұлағың боп
өзегіңе
нәр беремін,
сайыңда ағам.
Жиырмасында
өркенді өрен,
сары белдеу сайын далам,
топырағыңа тіл бітірсе,
айта алар ең жәйін заман.
Көкірегімді құрсап келген
Тілімдеген жүрегімді
Менің құсам жайында сен...
Айта алар ең, сайын далам.
Озбырлықтан, кектен азат
Болашағын пайымдаған
Кемелденген күні жарқын
Сары белдеу сайын далам!
Сары белдеу сайын далам,
Бақ пен сорын пайымдаған.
Бұлағың боп
сыңғыр қағам,
Құлдыраңдап,
сайыңда ағам.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі