Төрт қыран

Бұл бетте «Төрт қыран» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 620
Бұлан-талан бұлт тулап
Тұрса көктен бір дауыл,
Су қыраны қиқулап
Қақса аспанда бір дабыл, —
Ұрып кейде нажағай
Кетер құсты жазалай!
Буырқанып бұлт құрсап,
Нажағайлар көк тесе,
Атып оғын ақ бұршақ,
Көк дауылы түтесе,
Шақ шыдайтын шыңдағы
Қыранның да қыраны!
Сондай дауыл мұхиттың
Суын көкке лақтырған,
Сұрапылға батып мың
Түсті біздің төрт қыран,
Түссе-дағы төрт қыран
Жеңілмеді мықты ұлан!
Тынық мұхит дауылы
Төрт ұланның кемесін
Бұзып, толқын арыны
Ашқызбады өресін,
Сонда-дағы төрт қыран
Жеңілмеді мықты ұлан!
Таудай-таудай толқындар
Доптай қақты кемені,
Төрт ұланды кім тыңдар,
Тек жүрегі жебеді,
Сонда-дағы төрт қыран
Бас имеді мықты ұлан!
Кемені ұрса толқын кеп
Құлағандай жарты аспан,
Дүлей мұхит жойқын көк
Сұрапылмен айқасқан
Біздің күшті төрт қыран
Қайыспады мықты ұлан!
Білмей олар, болды азып,—
Жүргендерін қай тұста,
Рация не азық
Жоқ оларда компас та,
Сонда-дағы төрт ұлан
Мұңаймады мықты ұлан!
Төнді мұхит әлегі
Төтеп түні, күндізі
Болды олардың мәйегі
Көк жұлдызы, күн көзі.
Сонда-дағы төрт қыран
Ұмтылды алға мықты ұлан!
Ес танса да шыр бұзбай,
Батыр ұстап өздерін,
Төртеуінің жұлдыздай
Көрсең сегіз көздерін
Төзді біздің мықты ұлан!
Өр мұхитпен алысты
Жерді көрмей жеті апта,
Жібермеді намысты
Бойда қуат тұтап та!
Жүрегін ту қып төрт қыран,
Көтерді күшті мықты ұлан!
Төрт ұланның түлеткен
Анасы Совет Отаны,
Ерлікке шын үйреткен
Елімнің зор атағы.
Тегеурінді төрт қыран
Мұхитты жеңді мықты ұлан!
Басып мұхит желігін
Отанның төрт жеңді ері,
Америка елінің
Солдаттары қол берді,
Ол берілген достық қол
Достыққа біз тостық қол!
Жеңімпаз біздің төрт қыран,—
Қуаты бойда от қыран!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрт қыран өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Төрт қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрт қыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрт қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері