Аяғы сынған көгершінге қарап – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аяғы сынған көгершінге қарап» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...
Сұрамаймын, сен де менен сұрама,
Мазаласын ой көңілге келіп көп.
Ақсап бара жатқан жоқпыз сірә да,
Бірімізге біріміз жай еліктеп.
Сүйегендей сеніменен мені үміт,
Жарық дүние арман отын жағардай.
Ойда жоқта өз тобыңнан бөлініп,
Қалдың жалғыз қанатыңды қаға алмай.
Көгершінім, қимай ұзап барамын,
Емін тапсам, сендегі бар жараның.
«Не болған», - деп аяғыңа қарадым,
Не болған, - деп аяғыма қарадың...
Тіршілікті тербегендей ояу үн,
Бәз - баяғы жоғалтпай өз бояуын.
Көгершінім, аяп саған қарадым,
Ақсатқандай арман күнім аяғын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяғы сынған көгершінге қарап өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Аяғы сынған көгершінге қарап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяғы сынған көгершінге қарап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяғы сынған көгершінге қарап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері