Құштарлық

Бұл бетте «Құштарлық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 706
О, қаншама жолдарды басып өттім,
Ізін көрдім іздерден қасіреттің.
Осынау бір өмірде мен өзіме
Бар адамды келеді ғашық еткім.
Бәрін-бәрін келеді ғашық еткім,
Жасын сүртіп жүзінен қасіреттің.
Кеудесінде жаны бар адам түгіл
Туған жердің келеді тасын өпкім.
Ойларыма бергендей ғасыр екпін,
Өмір арна келеді тасып өткім.
Жүрегімнің сәулелі жарқылдарын
Туған елге келеді шашу еткім.
Таңдайыма тамғандай жасы көктің,
Білем дәмін қуаныш, қасіреттің.
Ғашық болып өмірге, мен өзіме
Бәрін-бәрін келеді ғашық еткім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құштарлық өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Құштарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құштарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құштарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері