Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1195
Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген,
Айырмадым бір күнімді бір күннен.
Жүрегіме батып уақыт салмағы,
Өзімді-өзім көтере алмай жүрмін мен.
Жанам деген үміт отым сөнді көп,
Не бар артқа қалар менен белгі боп.
Тарқап бара жатқандай жаз базары,
Сезімімнің жапырақтары селдіреп...
Армандаймын айналадан сыр бағып,
Таңғы шықты ақ қайыңға сырға ғып.
Саған деген сағынышты оятып,
Күздің желі әйнегімді тұр қағып.
Табиғаттың төл баласы тал-қайың,
Тамшылармен жібітеді таңдайын.
Сүйетіндей күн сәулесі күлімдеп,
Жапырақтардың әжім басқан маңдайын.
Қарағайлар бағып аспан қабағын,
Иетіндей садақ етіп сабағын.
Күн нұрымен, құс жырымен сусындар,
Жерге тіреп тамырланған табанын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері