Болжайды сезіп, нені ішің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Болжайды сезіп, нені ішің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Болжайды сезіп, нені ішің,
Тыныс ап, кеудең кеңісін.
Құпия, жұмбақ қиындау,
Өмірім болар сен үшін.
Көзімнен соңғы жас тамған,
Айымды таппай аспаннан.
Таусылып бәрі, сен үшін –
Дәптер ем жаңа басталған.
Жұлдыздай ағып, сөнді арман,
Алданған бағыт, жолдардан.
Көретін сәулем сен бе едің,
Демімнен менің соңғы алған.
Әлдилеп үміт, басқа арман,
Үзілер тамшы, жас талдан.
Өткенді өртеп, мен үшін
Дәптерсің жаңа басталған...
Өткізбей қойды өткел көп,
Үзілер тамшы, жас талдан.
Өткенді өртеп, мен үшін
Дәптерсің жаңа басталған...
Өткізбей қойды өткел көп,
(Еріген тоңы көктем боп)
Бағынан бұлбұл сайратып,
Мен саған әлі жеткем жоқ.
Өткенге бірақ өкпем жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болжайды сезіп, нені ішің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Болжайды сезіп, нені ішің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болжайды сезіп, нені ішің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болжайды сезіп, нені ішің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері