Жүрегім жүрек емес, жара менің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрегім жүрек емес, жара менің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 969
Жүрегім жүрек емес, жара менің,
Уланды, сол жарадан жан әлемім.
Білмеймін, не боп барам, осы кеше
Адамдық көзбен күнге қарап едім.
Мұңдасып, көкірегімнен күнді ашқандай,
Барады жанға жақын сырлас қалмай.
Жабығып жалғызсырап, құлазимын,
Жел ұрып, көңілімді құм басқандай.
Қайда сол, жалын сезім, алаулаған,
Оттарын үмітімнің жаға алмаған.
Жабығып жалғызсырап, құлазимын,
Жел ұрып көңілімді құм басқандай.
Қайда сол, жалғыз сезім, алаулаған,
Оттарын үмітімнің жаға алмаған.
Аспаннан түскендей боп, үйретеді,
Болуды қандай адам, балам маған.
Шыңдағы мұнар бүркеп, шынарымды,
Шынарға жеткізе алмай бір әнімді.
Күрсініп, білместігін кешіремін,
Білместен күлерімді, жыларымды...
Өзені өкініштің өзекте өлер,
Уақыт бәрін екшеп, тез өткерер.
Жастық пен бұл кәрілік от пен судай,
Басына адамзаттың кезек келер.
Жүректің таппай судан, оттан емін,
Өлермін, еске де алмас, жоқтап елім.
Өмірдің қилы-қилы жолдарында,
Үміттің ұмытылған соқпағы едім.
Арманы әртүрлі ғой, әр адамның,
Арнадан асып, келмес дараланғым.
Өмірдің асау, масаң толқындары,
Жағаға лақтырғандай, жараландым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім жүрек емес, жара менің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім жүрек емес, жара менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім жүрек емес, жара менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім жүрек емес, жара менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері