Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп
Өтпесінші, үнсіз сырғып уақыт тек.
Ей, адамдар!
қайырлы таңда, қайыр ғып,
Ең болмаса бір адамды бақытты ет.
Шыққан күнім, шыңды айналған қыран жыр,
Аспанымды баспасыншы тұман бір.
Шуағыңды сыртқа қарай шығарып,
Ең болмас, екі адамды қуандыр.
Бұл өмірден кім кетпеген, кім келіп,
Жүрген ізің қалуы үшін гүлденіп.
Жүрегіңмен жақындатып алысты,
Арманыңа үлгеріп қал, үлгеріп...
Қарсы ал, тұрып келеді әне, ерке күн,
Жер бетіне жайып нұрлы желкенін.
Күнге ұқсап, бар сәулеңді шашып қал,
Ашық болу үшін сәби, ертеңің.
Тойынғанға «ессіз» қарап, еліктер,
Өткенді ояу көзіңменен келіп көр.
Бір жапырақ наның болса, қолыңда,
Ойланбай-ақ аш адамға бөліп бер.
Күн келеді жолаушыдай асыққан,
Ғашықтығын үнсіз айтып қашықтан.
Күн жетпеген күңгірт тартқан көңілге,
Жаныңдағы жарығыңды шашып қал.
Бірге асығып, күнмен бірге асыққан.
Қиналады, жер анадй жаралы,
Біреуге кең, біреуге өмір тар әлі.
Ағыстарға түсіп сурет сәулесі,
Қасіретті ғасыр ұшып барады,
Қасиетті ғасыр ұшып барады!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері