Үйдегі гүл – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үйдегі гүл» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Маңайына, құпия сырды жайып,
Мүсәпір хал, болады кімге лайық.
Қас-қабақты бағып бір үйдегі гүл,
Жетім сәби секілді тұр мұңайып.
Сезіледі сары тап, қайғы өңінен,
Түні бойы аймалап ай көгінен.
Мынау жарық дүниеге, күн көзіне
Терезенің қарайды әйнегінен.
Үйдегі гүл, үй саған байтақ алаң,
Қасіретіңді мен қалай байқамағам?.
Қауызыңнан таңдағы шық мөлдіреп,
Жапырағыңды жел үрлеп, шайқамаған.
Өмір қандай, білесің өлім қандай,
Тамыр тәнің тасқа кеп соғылғандай.
Шөлмектей боп, шөлмекпен құйған суға,
Шөлдеп жүдеп тұрасың, шөлің қанбай.
Әлдекімнің баққан бір қас-қабағын,
Тірлігіңді ойлауға жасқанамын.
Үйдегі гүл, қарайсың өлі көзбен,
Тас табытқа айналып тас табағың...
Үйдің гүлі, өзің боп өзіңменен,
Қысы-жазы жайың бар көз ілмеген.
Жалынымен сіңіріп күн бояуын,
Тамырмен жер нәрін сезінбеген.
Қабылдайсың, көңілсіз, қалғып үнді,
Сағындың ба, үй гүлі, таңғы күнді.
Жылуы жоқ даламның иісі жоқ,
Үйдің гүлі, аяймын тағдырыңды.
Айғайламас әлемге күн «шықтым» деп,
Келе жатыр көзімнен бір шық гүлдеп.
Мұңды жанға мұң шағып тұрғандайсың
Күнсіз, үнсіз туғаннан тұншықтым деп.
Сайрап жатыр өзінше бұлбұл әлем,
(Әлің жетсе, әйнекті сындырар ең)
Үйдің гүлі, тіл бітсе егер саған,
«Кең далаға кетем» деп шыңғырар ең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйдегі гүл өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үйдегі гүл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйдегі гүл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйдегі гүл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері