Сәулесін сағыныштың саялаған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сәулесін сағыныштың саялаған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Сәулесін сағыныштың саялаған,
Сұлулық жаралды екен қай анадан?
Құлпырып, қуана да қоймас, сірә,
Алпысқа келгенінше әйел адам.
Бүгінгі қарап күлме, қалпыма сен,
(Сезімсіз болсам еріп, толқымас ем.)
Қызғалдақ, қыз-көктемнің бойында жүр,
Ұрланған уақытқа көркім, әсем.
Шабытты жыр туатын шабытты ойдан,
Көңілім құмырадай жауып қойған.
Үміттің қызғалдағы ұмытылып
Қырдағы қар астында қалып қойған...
Бүгінім кешегімді қайталаған,
Болсыншы, көріп, танып айтар адам.
Жоғалған жастығымды іздеп табам,
Қай дала, жылуы жоқ, қай қаладан?
Қабағым уақыттан қайғы алмай ма,
Бақыттан басым енді айналмай ма?
Таңдағы туған айдың сәулесіндей,
Айдынға сынып түскен айнам қайда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәулесін сағыныштың саялаған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сәулесін сағыныштың саялаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәулесін сағыныштың саялаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәулесін сағыныштың саялаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері