Жесір – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жесір» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1302
Жарын жоқтап зар қағады бір жесір,
Қаралыға қан жұтқызып тіл кесір.
Нұры шалқып нәзік әйел жанының,
Бұрынғыдай төкпейді енді гүлге сыр.
Қамығады қара түнек жамылып,
Жарқыраған ай мен күннен жаңылып.
Түн қойнында түпсіз терең кешеді ой,
Тұл тағдырдың төсегіне таңылып.
Оған енді бақыт күлмес ай қабақ,
Жесір жолы жүрген сайын тайғанақ.
Махаббаттың көрінбейтін сәулесі
Анда­санда кетсе болды аймалап.
Қайғы­қасқыр талап жесін тоқтыдай,
Жесір мұңын еститұғын жоқ құдай.
Сені сүйген еркекте не арман бар,
Түз құсындай, уа, тәкаппар, тектім­ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жесір өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жесір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жесір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жесір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері