Келесі күні – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Келесі күні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1466
Қияметпен барабар ішкен күнім,
Ішкен күнім – ит тірлік,
Түскен құным.
Отырамын мең-зең боп,
Істерімнің
Түсіре алмай есіме үштен бірін.
Отырамын мең-зең боп басым қатып,
Бойға сіңбей зәредей асым батып.
Бара жатар дүние шыр айналып,
Қалмағандай сүйенер қасымда түк.
Күйім менің күй емес күй секілді,
Миым менің ми емес ми секілді.
Қорадағы шашылған қи секілді,
Ішім түгел жидіген ій секілді.
Қатынымды қыштаймын –
Көндіремін,
Тағы да бір жартыны өндіремін.
Сөйтіп барып күйімді келтіремін,
Күнде осылай өзімді өлтіремін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келесі күні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Келесі күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келесі күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келесі күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері