Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2179
Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік,
Қыз дегенің – құлдырап қашқан киік.
Түбінде бір жетесің іңкәр болсаң,
Түбінде бір ілесің сұңқар болсаң.
Қыз дегенің – көктемгі қызыл алма
Қызылына қызығып үзіп алма.
Үзіп алсаң қызығын қызылына,
Ұшырайсың бір күні құзырына.
Қыз дегенің – алаулы үрген көрік,
Алауынан бойыңа кірген желік.
Қыз алдында ұшқын боп шашыласың,
Шашыласың – гүл болып ашыласың.
Қыз дегенің – қылпыған алмас қылыш,
Жараламай жаныңды қалмас тыныш.
Күш-қуатың қаншама тасымасын,
Қыз алдында бәрібір бас ұрасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері