Астана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Астана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4118
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Қазақтың кең байтақ даласы,
Алтай мен Атырау арасы.
Сарыарқа жерінде,
Орнады төрінде
Асқақ арманды қаласы.
Бабалар бастаумен баршаны,
Керемет қаланы аңсады.
Ақ тілек алау боп,
Жайқалған жалау боп,
Сәнді сарайлар самсады.

Қайырмасы:
Астана,
Астана!

Жарқыраған жас қала.
Жерімнің кіндігі,
Елімнің бірлігі,
Жасай бер,
Жасай бер, Астана!
Жағалай ерекше Есілді,
Нұр қала, гүл қала көсілді.
Астана наздана,
Мезгілде аз ғана
Қазақтың мерейін өсірді.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері