Айналайын туған жер

Бұл бетте «Айналайын туған жер» атты Абдрахман Асылбек жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6487
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Сағынышым, аяулым, асыл әнім,
Туған жер деп ән салсам, ашыламын.
Кетсем шалғай кей кезде құстай ұшып,
Мен өзіңе жеткенше асығамын.

Қайырмасы:
Айналайын туған жер,
Таң-тамаша думанды ел.
Құлағыма әсем әуен құйған ел.
Туған жерім – таңымсың,
Жан тербеген әнімсің,
Туған елім.

Келе сала оранып құрағыңа,
Шомыламын мөп-мөлдір бұлағыңа.
Құрбылардың сыңғырлы күлкілері
Құйылады күй болып құлағыма.

Қайырмасы.

Жаңа туған жас бала, кәріміз де
Туған жерден нәр алдық бәріміз де.
Туған жердің төрінде думандатып,
Той тойласақ жарасар әніміз де.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын туған жер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айналайын туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айналайын туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері