Болашақтың ақынына – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болашақтың ақынына» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1187
Бейне боп сені де жатар ең,
Жаның сансыз күй теңдеп.
Болмайды енді ешкім Наполеон,
Тумайлы енді ешкім Ньютон боп...
Ақынның орны бөлек қой,
Түсін сен мейлі түсінбе.
Бірдеңе жазу керек қой,
Сені ертең жазу үшін де.
(И.ИСАЕВ. Тербеледі қайыңдар. 13-бет)
Жыр-күші қайда Гомердің?
Гейнелер қайда кешегі?
Күлкісі қайда Гогольдің?
Туа ма енді Есенин?
Жақсы жыр жаза алмасаң,
Сөкпейді сені ешкім де.
Ғасырдан өткен алмасаң,
Тумайды енді Пушкин де.
Бөлек қой жөні ғылымның,
Түсін сен, мейлі түсінбе.
Жазады небір жырыңды
Жасанды темір кісің де.
Ақынның орны бөлек қой,
Отырса бардың ішінде.
Бірдеңе жазу керек кой,
Басыңды жазу үшін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болашақтың ақынына өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Болашақтың ақынына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болашақтың ақынына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болашақтың ақынына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері