Түсініксіз тым кейде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Түсініксіз тым кейде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1081
Түсініксіз тым кейде
шариѓаты тірліктіњ.
Құдай оны білмей ме –
жалған қайсы, шындық кім?
Түйдік өмір заңдарын,
түңіл мейлің, түңілме:
жақсы көрген жандарың
жау болады түбінде.
Білмейді адам жегенін –
жая ма, жоқ сіңір ме.
Құлар мәңгі дегенім
ертең бе, әлде бүгін бе.
Тірлік – ағын, пенденің
шаяр мәнін сулықтай.
Өмір сүрсе жерде кім,
кете алмайды у жұтпай.
Жерде өмірдің сол мәні –
заңдылықтар шырмаған.
Ұқсар мәңгі тордағы
жаутаңдаған құлға адам.
1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсініксіз тым кейде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Түсініксіз тым кейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсініксіз тым кейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсініксіз тым кейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері