Ізгілік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ізгілік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3199
Шарлап бір жүрсем туған өлкені мен,
Қайда да өрлік көрем өркені кең.
Көркіңе көз тоймайды, о, туған жер,
Сен барлық жер біткеннің көркеміме ең?
Ізгілік - біздер үшін ата қалып,
Жүрміз ғой Адам деген атақ алып.
Қаласаң, жүрегімді жұлып беріп,
Сүйейін топырағыңды жата қалып.
Ешқашан емеспін мен тосын адам,
Қияннан бақытымды тосып алам.
Өзіңді жырлау үшін жаратылды,
Сезімі селден бетер осы балаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізгілік өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ізгілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізгілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізгілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері