Өрт пен алмас – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өрт пен алмас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1068
Ұшқыннан өрт басталып,
Үйге қарай бас салып,
Алаулады Жалын тілі жаланып.
Айқай-шудың ішінде
Титтей Алмас жоғалып,
Шаңға оранып, жатты жолдың үстінде.
«Жатысың не, ал мұнда? –
Деді Жалын, – кімсің менің алдымда?
Көз қуаты жұмсалады қаншалық
Сені айырып алу үшін зер салып?
Тамшы менен сынығынан шынының,
Шағылысып жатқан күннің көзіне.
Саған жақын бәленің де түрі мың,
Жау аз емес өзіңе:
Сәл қиқымнан жарқылың
Жоғалады тезінен,
Бүркер сені шаштың-дағы әр қылы!
Оңайлықпен өшпес менің алауым,
Қозған кезде ашуым.
Көрдің бе, әне, арпалысып бар ауыл,
Сөндіре алмай сасуын.
Барлық затты жек көрем,
Шатырлатып шеттерінен жеп келем.
Менің сәулем бұлтпен жағаласады,
Айналаға түгел үрей шашады!»
«Менің сәулем сенікінен, иә әлсіз, –
Деді Алмас, – алайда ол зиянсыз:
Ешкімге де сәулем бәле ілмейді,
Кімдер оны тілдейді? –
Тек күншілдер күндейді.
Ал, сенің ше, жалақтаған жалтылың
Айналаны бар күшімен жалмаған,
Сол үшін жұрт өшіріп жүр жалма-жан;
Сен өршіге жанған сайын алқынып,
Өліміңе, мүмкін, тақай бастадың».
Барлық халық күшін қосып бір барды,
Өрт басылып, орнында тек күл қалды.
Алмас жерден табылды да нұрланды –
Тәжісіне қонды барып патшаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрт пен алмас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өрт пен алмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрт пен алмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрт пен алмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері