Киелі қан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Киелі қан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1575
Адамға керек тек тыныштық,
Шаршаса шаршасын жұмыс қып.
Не керек бұл дарқан өмірде
Өзара ұрыс қып?
Арынды арғымақ ат қайда?
Бәйгіге қосатын бап қайда?
Тойларда жиналып жігіттер,
Көкпарда шаппай ма?
Бесікте уілдеп балалар,
Отырса тербетіп аналар.
Келешек күндерге көз тігіп,
Толғанса даналар.
Көңілдің қалауын басып дәл,
Жүректің сырларын ашап бар,
Айлы түн аулақта оңаша
Жүрмей ме ғашықтар?
Алайда, Гитлер келді де,
Таптады елді де, жерді де.
Бастады бір сойқан соғысты,
Түнекті төндіре.
Түбітше түтіліп тұлымдар,
Желкеден қиылды жұлындар.
Боталар боздады аңырап,
Шырқырап құлындар.
Дүние толды да түрмеге,
Түрмелер айналды мүрдеге.
Жазықсыз жарандар жатты өліп,
Күндіз де, түнде де...
Фашистер қанға ешбір тоймады,
Құзғындй жемтікті тойлады.
Адамды азаптау жолының
Сан түрін ойлады:
Тұтқынның талайын аш қырды,
Талайын сілейте басқа ұрды.
Талайын тірідей сыңсытып,
Таспенен бастырды.
Тулатып талай от жүректі,
Қадады кеудеге қу оқты.
Емдейміз деген боп, еліріп,
Тәндерге у екті.
Жұтқызбай бір жұтым ауаны,
Газ толы бөлмеге қамады.
Фашистер құтырған төбетше,
Адамды талады.
Освенцим, Дахау, Майданек,
Бухенвальд...*
*Фашистердің өлім лагерлері
Сасыды қан бөгеп.
Адамға күн нұры – таң керек,
Әдемі ән керек!
Он екі миллион жан жылап,
Алапат азаппен қалжырап,
Ажалдың апандай аузында
Тұншықты зар жылап.
Ертерек түнеріп таңдары,
Үзіліп кеткенмен жандары,
Айуандар алдында олардың
Киелі қандары.
Құлақта Бухенвальд дабылы,
Жырақта бауырлар қабірі.
Көкейден кетпейді қашан да
Жауыздар жәбірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киелі қан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Киелі қан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киелі қан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киелі қан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері