Қасиетті ана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасиетті ана» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3480
Анам мені құрсағында көтерген,
Көтерген де, көңіліме от өрген.
Менің бүкіл тірлігімнің төлеуі
Анашымның құрсағында-ақ өтелген.
Анам мені орап алған жөргекпен,
Аялаған, бесігімде тербеткен.
Күн нұрындай мейірінен ананың
Өшпейтұғын қуат алып, ер жеткем.
Анам менің кекілімді тараған,
Баға жетпес асылына балаған.
Қай ауылда, қай түкпірде жүрсем де,
Тағат таппай, жолыма ұзақ қараған.
Өмірдегі үлкен-кіші бар адам
Ана деген абзал жаннан тараған.
Әлемдегі тіршіліктің тұтқасы –
Айналайын қасиетті анадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасиетті ана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасиетті ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасиетті ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қасиетті ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері