Өмірге серт – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Өмірге серт» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 4
  • 14605
Келдім, өмір, қойыныңды аш, енейін,
Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.
Тартылмаған талабымды қуат қып,
Соқпағыңмен мен де алысып көрейін.
Көрген күнім егерде қараң болса,
Оған менің жетпесе бойда күшім.
Қан орнына жүрекке қайғы толса,
Жас жанымды қиямын соның үшін!
Жас жанымды бере алмаспын бекерге,
Арпалысып азабыңды алармын.
Жер бетінде жақсы тіршілік етерге,
Өзіме лайық бақытымды табармын.
Бақыт іздеп соңғы сәулем сөнгенше,
Азабыңмен аянбай-ақ алысам!
Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,
Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Ұлпан

Күшті жақсы

Арина

Жаксы

Саламат

Өте тамаша

Ақбота

Тамаша

Осы автордың басқа өлеңдері