Бұл қалай?! – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Бұл қалай?!» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 2
  • 70957
(І - НҰСҚА)

Ұдайы болды екі түн
Төсекте тыныш жатпаймын.
Әлекке салып әлдекім,
Мұжылып біткен заттаймын.
Ілінсе кезім ұйқыға,
Келеді жетіп бөгде жан
Үңіліп қарап сыйқыңа,
"Кім екен?" - деп таңданам.
Қарасам байқап жуықтап,
Жүректің сөнген жұлдызы.
Жарымнан мені суытпақ,
Көрініп бей не қырмызы.
Құлшына бірақ құшақ жайып,
Түсінгің жүрек семгенін!
Сәулең сөніп, нұрын тайып,
Бұл қалай енді келгенің?!

(ІІ - НҰСҚА)

Ұдайы болды екі түн,
Төсекте тыныш жатпаймын.
Әлекке салып әлдекім,
Мүжіліп біткен заттаймын.
Ілінсе көзім ұйқыға,
Келеді жетіп бөгде жан.
Үңіліп қарап сыйқыңа,
Кім екен деп таңданам!
Қарасам байқап жуықтап,
Жүректің сөнген жұлдызы.
Сүйгенімнен суытпақ,
Көрініп бейне қырмызы.
Қаралы көңілім көмірден,
Махаббат өлген сен үшін,
Болғанда ұмыт көңілден,
Бұл қалай енді келісің?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Аяжан

Мұқағали Мақатаевтың Бұл қалай?! өлеңі қатты ұнады

Мирас

Мирас

Осы автордың басқа өлеңдері