Жігіт пен диірмен – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Жігіт пен диірмен» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 619
(Баллада)

Ж і г і т
Қайда ақтың өзенім, Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің, Тез тасып тым?
Не іздейсің бұл сайдан, көк майсадан?
Не іздейсің, өзенім, айтшы маған?
Ө з е н
Еркін едім ағылған, Ойнақтаған,
Ұстап алды жалымнан, Байлап адам.
Еркіндік жоқ жүйткитін өз бетіммен,
Диірменнің атқарам қызметін мен.
Ж і г і т
Айрылсаң да еркеңнен, Қиыр белден,
Серісің ғой серпілген, Диірменге.
Диірменшінің қызы үшін жыламайсың,
Мен секілді көз жасын бұламайсың.
Ө з е н
Асықтым сол сұлуды, Көрейін деп,
Таң сәріде суымды Берейін деп.
Жуынуға аң төсін шығар жайып,
Ыстығынан кетеді суым қайнап.
Ж і г і т
Ыстығынан сол қыздың, Су қайнаса,
Сәулесінен жүремін Қалай таса?
Кетті менің сабырым, кетті дәтім,
Кім біледі сол қызды, айтшы атын?
Ө з е н
Сипалаймын аяғын, Қандай шіркін!
Естен танып қаламын, Болмай ырқым,
Тегершікті жіберем айналдырып,
Диірменім зырлайды майдан құрып.
Ж і г і т
Сен де сорлы біліпсің,Шерді мұндай,
Сол үшін де жүріпсің Шөлді қумай.
«Кез қырыңды» — деп қыз да берер кеңес,
Махаббатсыз өмір не? — өмір емес.
Ө з е н
Кетем әрең арудан, Қасіретпен,
Шерім зая ағылған, Жасын төккен.
Болар едім зор бақыт тапқандайын,
Аяғында сол қыздың жатсам дәйім.
Ж і г і т
Азабымның серігі, Уа мұңдасым,
Жеткіз менің шерімді Қыз тыңдасын,—
Жүрегімде ләззәт бар жанып жатқан,
Үмітім бар әлі де жалын атқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт пен диірмен өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Жігіт пен диірмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт пен диірмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт пен диірмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері