Қобызым

Бұл бетте «Қобызым» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қобызым, жеткіз баһадүрлердің дауысын,
делебем қозсын!
Жасындай ойнап намысым.
Надандық билеп,
арамдық төстер күн туса,
құрбан бол, жаным,
Адалдық пенен Ар үшін!

Қобызым, жеткіз Құлагер аттың шабысын,
рухына мінсін Ақандай туған арысым!
Тайраңдап жүрген Батыраштардың бүгінгі
кәлласын қақсын жазықсыз төккен қан үшін!

Қобызым жеткіз, абызым Абай өкпесін,
ұрпақтарына аруағы ренжіп кетпесін.
Екі дүниенің барына сенбес есмалта
ертеңгі күнге мұнафиқ дәнін екпесін!

Қобызым жеткіз, алмассын күнің түніңмен,
шабытымды оят!
Айтылмай қалған сырым мен
жазылмай жүрген жырымды,
жеткізем мен де
шындықтың зарын, қобызым, сенің үніңмен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобызым өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Қобызым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобызым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобызым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері