Жолайрық – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жолайрық» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1469
Бастама, Тәңір, теріске жолды,
Бір өзің жанның тірегі.
Оң қанатымнан Періште келді,
Ата - тегі оның - Нұр еді.
Жапырақ түкті қауырсынымды,
Сипайды ол еппен мәпелеп.
Жанымды емдейді ауырсынулы,
Бұл неткен бізге жат әдет?
Көтерілгендей ептеп қабағым,
Қауырсынымды жел түтіп.
Періштеге еріп кетпек боламын,
Тамырды жатыр тон тұтып.
Тамырды тұтқан суық ішке енді,
Сөздерім - жансыз, тіл - өлі.
Сол қанатымнан ібіліс келді,
Ата-тегі оның - Түн еді.
Жезтырнағымен тырнап көреді,
Шырағы жанның лыпылдап.
Тамыр, дінімді ырғап береді,
Боламын тоңнан құтылмақ.
Басылмай лаулап солығым іште,
Жырақтан арбап малғұн шам,
Көне де жаздап сол ібіліске,
Ере де жаздап қалдым сан.
Тынады ойымның арты талқы боп,
Негізсіз жанның мінезі.
Айрықша тұрмын әңкі-тәңкі боп,
Кімге ерем? Тегім кім, өзі?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолайрық өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жолайрық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолайрық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолайрық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері